Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Мейрамбек Бесбаев «Алғашқы махаббаты» жайлы…

Белгілі әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты — Мейрамбек Бесбаев қалың жұртшылыққа 15 жасында танылды. «Бозторғай» деп талайдың махаббатына бөленді.

   Мейрамбек Бесбаев ойнаған «Алғашқы махаббат», «Қоштасқым келмейді» 1991 жылы түсірілген кинофильм нағыз қазақи салт-дәстүр сақталған көріністері, санаға құяры мол тағылымдары мен оқиғалары бүгінгі тарихқа айналған нағыз естелік.

Фильм жайлы Мейрамбек Бесбаев   “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасына қатысып, өткенге шолу жасаған әнші өзін актерлік қырынан танытқан алғашқы фильмді еске алды. Оған себеп – эфирге хабарласқан көрерменнің бірі “Алғашқы махаббат” фильмінде басты рөлді сомдаған актриса жайлы сұрады. Мейрамбек Бесбаев кино әлеміне бірге қадам басқан актрисамен ара-қатынасы жайлы әңгімеледі.

“Ол фильм 1991 жылы шыққан. Ол кезде мен 15 жасар баламын. Ол Назира Бақаева деген актриса қызымыз, менен 3 жас үлкен. Өкінішке қарай, сол кинодан кейін көрген жоқпын. Студент болдық, есейдік. Әркім әртүрлі өзінің өмірлік жолымен кетті. Мүлдем кездескен жоқпыз. Бірақ бір рет іздеп көрдім. Өйткені клип түсіргім келді, бала кездегі бейнені алып, Туғанбайдың рөлінде ойнаған Есдәулеттерді тауып жасағым келіп еді. Таба алмадым, өкінішке қарай. Бірақ қазір Instagram деген әдемі дүние бар, сол арқылы Назираны тауып алдым. Қазір бір-бірімізді оқимыз, бірақ әлі кездескен жоқпыз. Оның жарын да танимын, сіздер де өте жақсы білесіздер. Ол бізге белгілі кинорежиссер – Ақан Сатаев”, – деп ағынан жарылды Мейрамбек.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close