Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыШоумен & Тұлға

Болливуд киноәлемінің патшасы бүгін 52-де

Шахрух Кхан — Болливуд киноәлемінің патшасы, үнді киноактері, продюсер және жүргізуші.

— Әкесі Тадж Мұхаммед Хан – Үндістанда танымал қорғаушы, анасының аты – Фатима.

— Мамандығы бойынша экономист.

— Есімі «Хан дидары» деген мағынаны береді.

1988 жылдан бері бірнеше телехикаяларға және 70-тен аса фильмге түскен. Олардың ішінде:

  • «Circus» (Цирк (хикая)) (1989),
  • «Maya» («Майя ханым») (1993),
  • «Karan Arjun» («Каран мен Арджун») (1995),
  • «Kuch Kuch Hota Hai» («Өмірде бәрі де болады») (1998), т.б.

—  «Лашықтан шыққан миллионер» фильміндегі Анил Капурдың рөлін сомдаудан бас тартқан. Кейін бұл кино үлкен жүлде алды.

— Сол секілді «Жан дүниеме келмейді» — деп біраз фильмдерден бас тартқан

— Бірде-бір фильмінде сүйісу кадрларына түспеген. Актер ел алдында сүйісуді ұят көрген.

— Шахрух Кхан Гаури Чаббер атты үнді қызымен отау құрғандарына биыл 26 жыл. Қазір Арян, Абрам атты екі ұл, Сухана деген қызы бар.

— Әйелінің діні басқа болғандықтан, балалары екі дінді де ұстанады. Шахрухтың өзі де жұбайының дініне құрметпен қарайды.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Кушти актер мен ушин бул актерге ешким жетпейди толыгырак омир баянын жазсаныздар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close