Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Алдавайлық Шоқанның қос қуанышы

«All Davay» — тобының әншісі, әрі продюсері — Шоқан Маратұлының әке атанғанын алдыңғы жазбаларымызда жазған болатынбыз. Көктемде Әнел Баталова есімді елімізге белгілі кәсіпкер Райымбек Баталовтың қызымен шаңырақ көтерген болатын.

Қуанышты хабармен желіде бөліскен Шоқан, оқырмандарынан ұлына есім таңдасуға көмек сұрап, мыңдаған хаттардың астында қалды. Парақшасында оқырмандарына алғыс айтып,  әнші ұлының есімін Әлімхан деп атады.

“Әлімхан Шоқанұлы – біздің әлемге қош келдің! Міне, біз де ата-ана атандық, күтумен өткен 9 ай артта қалды. Бұл ешқандай сөзбен айтып жеткізуге болмайтын өміріміздегі ең бақытты күн. Отбасымызға тағы бір сарышаян қосылды”, – деп қуанышымен бөлісті Шоқан желідегі инстаграм парақшасында.

Тағы бір айта кететін жайт, бүгін Шоқанның туған күні! Біздің портал әнші, жаңа«әке» статусындағы Шоқанды құттықтап, ұлының қызығына тоймай жүре беруін тілейміз!

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close