Басты жаңалықтарМузыкаСұхбаттарШоумен & ТұлғаӘнші

Бауыржан Ретбаев: Алғашқы үнтаспамды шығармақшымын

R9VZeEniLIw

Бауыржан «Қазақстан Дауысы« жобасы аяқталғанына да біршама уақыт өтті, Одан кейін өнеріңіз бен өміріңізде қандай өзгерістер орын алды?

Жобадан кейін «Дауыс KZ» тобында өнер көрсеткенімді жақсы білесіздер, одан кейін жеке шығармашылығыммен айналысып жүргенімді де жақсы білесіздер деп ойлаймын.Қазіргі таңда алғашқы үнтаспама және алғашқы бейнебаяныма жұмыстар қызу жүріп жатыр, жасаған жұмыстарымның барлығын Алла қаласа күзде халыққа көрсетіп, халықтың бағасын аламын деген ойдамын.

Бауыржан 5 миллион ұтысыңызда алдыңызда ма? Ұтысыңызды орнымен жарата алдыңыз ба?

Ұтысымды орнымен жарата алдым деп ойлаймын, себебі жобадан алған ұтысыма Астана қаласынан пәтер алдым.

Ұлықпан Жолдасовтан кеткеніңізді жақсы білеміз,басқа продюсерлерден ұсыныс түсті ма?

Басқа продюсерлерден ұсыныс түсе қойған жоқ, продюсерсіз өзім жұмыс жасап жатырмын.

Қазір немен айналысып жүрсіз?  Қандай жоспарларыңыз бар? Болашақта тағы да ірі байқауларға қатысып көргіңіз келмейді ме?

Қазіргі таңда жаңа айтып кеткендей жаңа әндер жазылып жатыр, алғашқы үнтаспама және алғашқы бейнебаяныма қызу жұмыс жүріп жатыр. Ал байқауларға келсек «Turkovision» байқауына қатысып көремін бе деген ойым бар.

Жобадағы тәлімгеріңіз Алмас мырзамен қарым-қатынасыңыз қалай? Ол кісінің тарапынан қамқорлық қолдау бар ма?

Алмас ағамен қарым-қатынасым өте тамаша, бұрынғыдай жақсы араласамыз. Алмас аға өзінің ақыл кеңестерін айтып жүреді, Алмас ағаны өте қатты сыйлаймын, және айта кететінім Бауыржан қазіргі таңдаҰлықпан ағамен Бердікпен араласпайды деген әңгімелерді естіп жүрмін, айта кететінім мен топтан кетсемде Ұлықпан ағамен де Бердібекпен де өте жақсы қарым қатынастамын.

Актерлік шеберлігіңіз бойыңыздан табылады ма? Болашақта кино туындылардан сізді көруіміз мүмкін бе?

Ол мүмкін емес шығар деп ойлаймын, себебі мен әншімін актер емеспін, актерлік қолымнан келмейтін де шығар, әркім өзінің жұмысын атқарған дұрыс деп есептеймін.

Жақсы көріп,үлгі тұтатын адамыңыз бар ма?

Үлгі тұтып жақсы көретін адам барлық адамда бар деп ойлаймын Батырхан Шүкенов,Нұрлан Өнербаев,Мейрамбек Бесбаев,Ұлықпан Жолдасов,Жұбаныш Жексенұлы сияқты ағаларымыздың әндерін тыңдап өскенбіз, сол ағаларымыздай болсақ қой деп армандап өстік, сол ағалырмнан үлгі, өнеге аламын.

Сәттілік тілейміз! Ниет еткен оразаңыз қабыл болсын!

Сұхбаттасқан: Арайлым Талапқызы

 

 

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close