Жаңалықтаржоғары

«EAGLEZ» фандомы 2 жаста

Осыдан 2 жыл бұрын, атышулы, q-pop жанрының алғашқы Қазақстандық өкілдері, әйгілі «Ninety One» тобы 1-қыркүйек күні дебют алған болатын. Алғашқысында, «Айыптама мені» деп өздерін таныстырған бұл топтың отандық шоу-бизнеске әкелген жаңалығы  көп.

Жаңа тыныс, жаңа бағыттағы JUZ Entertainment жігіттерінің арқасында алғашқы рет EAGLEZ деп аталған ФАНДОМ құрылып еді. Иглз — ең ұйымшыл, сүйікті топтарына деген махаббатары берік жанкүйерлер үйі. Нағыз қолдаушылар осы иглздай-ақ болсын, расымен. Кеша ғана қолдаушылар тобы 2 жылға толғандарын желіге жариялап, өз араларында бір-бірін құттықтап жатты.

Жуырда ғана топтың  биографиялық фильмі көрермен назарына ұсынылып, иглздықтарды екі еселеді. NINETY ONE тобы біздің де парақшамызда, Дина Ораздың DiTV студиясында қонақта болғанын естеріңізге сала отырып,  ең адал жанкүйерлерді бізде өз тарапымыздан құттықтаймыз! Қанаттарыңыз қырандай биік самғап, ешқашан талмасын!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close