Жаңалықтаржоғары

Қазан айындағы «атышулы» концерт

2006 жылы Сергей Жуков пен Алексей Потехинның бастауымен “Руки вверх!” деп аталатын, ресейлік поп жанрындағы топ құрылған еді. Бүгінге дейін бір емес, бірнеше ұрпақтың сүйікті тобына айналған, миллиондаған тыңдарманы бар Ресейдің танымал тобы “Руки вверх” 20 жылдық мерейтойларын үлкен кештер беріп тойламақ.  Танымал топ әлемді аралап, гастрольдік сапармен біздің Қазақстанға да қонаққа келді. “Руки вверх” фанаттары үшін, әсіресе Астаналықтар мен Алматылықтарға жақсы жаңалық. “Атышулы” топ 6 қазан күні, яғни, ертең  Алматы аренада кеш бермек. Бірақ… Барам деушілерге құлаққағыс! Билет құны 5000 теңгеден – 300.000 теңгеге дейін. Иә, иә, 300,000 теңгеге дейін. Мұны көрген кейбір тыңдармандарда: “300 мыңға билет алып, концертте “қолымызды көтеріп” билей алар ма екенбіз?” – деген пікір қалыптасты. Ал сіз, біздің оқырман, сүйікті тобыңыз үшін “құнды” кешке барушы ма едіңіз?

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close