ЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

«Биыл қандай отандық фильмдер жарық көреді?»

Қазіргі уақытта кино саласының қайнап тұрған уақытында отандық режиссерлер көрермендерге өз туындысын ұсыну үшін тынымсыз жұмыс жасауда. Естерiңiзге сала кетейік, 2017 жылы «Еще один день», «В сетях», «Я люблю тебя, Акерке», «Наурыз, KZ» «Келинка тоже человек» сынды кинолар көрермен назарына ұсынылған болатын.

Фото: Tengrinews.kz

Алдағы уақытта Қазақстандық киноларға қандай отандық туындылар қосылмақ? Көпшіліктің көңілінен шығып үлгерген «Бизнес по казахский» киносының 2 бөлімі «Бизнес по казахский в Америке» деген атпен түсіріліп жатыр. Нұрлан Қоянбаев продюсерлік еткен бұл туынды аты айтып тұрғандай АҚШ та түсіріліп, қалған бөлігі Қазақстанда түсіріліп жатыр. Және, KAZTELEPRODUCT түсірген «Каникулы в Тайланде» киносы күз айында жарыққа шықпақ. Режиссер Асқар Ұзабаев бұл жылы өз көрермендерiн қуантуда. Арнайы иглздар үшін, Q-Pop жанрын сүйіп тыңдайтын көрермендер үшін түсірiлген «Ninety One» фильмі 24 тамыздан бастап көрерменге жол тартады. Сонымен қатар, режиссер «5 причин не влюбиться в казаха», «Брат и брак» деп аталатын кинотуындысын күз айында жарыққа шығармақ. Бұнымен тоқтап қалмаған режиссер, тарихи жанрға сүйене отырып «Қазақ батырлары» деп аталатын туындының түсірiлiм жұмыстарын бастап кетті. Ендігі кезек Қайрат Нұртастың көптен күткен, және бұл киносы арқылы алып қашпа әңгімелерге тоқтау салайын дегеніме, жеке өмірі жайлы толығырақ түсірiлген «Келін» деп аталатын кинотуындысында.
«Келін» көрермен назарына күз айында ұсынбақ. Және де Асқар Бисембиннің режиссерлігімен түсірiлген «Больше чем кино» деп аталатын кинокартинасы да жақын арада жарыққа шығады деп жоспарлануда.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close