Сон Чжун Ки мен Сон Хе Гё үйленгелі жатыр
Корея елінің киноларын жақсы көретін көрермендерге жақсы жаңалық. «Бітімгерлер» телехикаясында ғашықтардың көрлін сомдаған Сон Чжун Ки мен Сон Хе Гё үйленгелі жатыр. Бұл туралы Жұлдыздар әлемі хабарлайды.
Бұл жаңалықты екі актердің де агенттіктері растады. «Шаңырақ көтеру оңай емес, сондықтан да біз бұл жаңалықты осы уақытқа дейін жасырып келдік. Бізге олардың сезімдері маңызды болды, ешкім оларға кедергі келтірмеуін қаладық. Бұл жаңалық туралы енді айтып тұрғанымыз үшін кешірім сұраймыз» — дейді актерлердің агенттігі.
Танымал екі актер бүкіл әлемге танылған «Бітімгерлер» дорамасы арқылы танысқан еді. Айтпақшы телехикаяны қазақ тілінде осы жерден қарай аласыздар: https://vk.com/videos-66153383?section=album_54205077
Жұлдызды жұптың үйлену тойлары осы жылдың 31-ші қазан айында өтеді деп күтілуде.
Бакыты болындар
Бакытты болындар
Керемет
Сон хе гё улкенгой сон Чжун ки дан
Бәріне сәлем ! Мен Бітімгерлер киносын ондағы ғашықтар хикаясын тамашалай отырып ол киноны тагы бір рет Оңтүстік каналыарқылы эфирге шығарса деген өтініш бар сіздерден өтініш