Жаңалықтаржоғары

Баян Мақсатқызы: Кітаптан түскен қаражат зорлық-зомбылық көрген әйелдердің пайдасына жұмсалады

Күні кеше сатылымға шыққан кітабынан түскен қаражатты Баян Есентаева тұрмыста зорлық-зомбылық көрген әйелдер ұйымын құру үшін жұмсамақ. Оған бұл идеяны сүйіктісі ұсынған екен. Мұнымен қатар, Тұрсын Алагөзов мырза Баян Мақсатқызының 20 мың дана кітабын басып шығарып отыр. Бұл туралы “Мұхит Сапарбаевпен сұхбат” бағдарламасында айтылды.

Бұл туралы Baistars.kz хабарлайды.

“Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау орталығын ашу идеясы бір жылдан бері ойландырып жүр. Мен көптеген адаммен кездесіп, осы жөнінде сөйлестім. Аталған қоғамдық ұйымның құрылымдары туралы іздендім. Осы құрылым табысты жұмыс істеуі үшін ақша керек екенін жақсы түсініп отырмын. Кітабымды жазып бітуге аз қалған кезде Тұрсын маған бір идея ұсынды. Ол “Кітаптан түскен қаражаттың барлығы қоғамның пайдасына, тұрмыста зорлық-зомбылық көрген әйелдердің пайдасына жұмсалуы тиіс” деді. Құдайға шүкір, мен әрдайым берген уәдемді орындаймын. Ал бірнәрсені жасай алмайтын болсаң, ол туралы айтудың қажеті жоқ. Яғни осы қоғамдық ұйымды құруыма кітабым себепші болмақ. Өкінішке орай, елімізде тұрмыста зорлық-зомбылық көріп жүрген әйелдер өте көп”, – дейді продюсер.

Естеріңізге сала кетейік, Баян Мақсатқызының аталмыш кітабының бір данасы 3750 теңгеден сатылымға шықты.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close