Жаңалықтар

Жұрт Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың той суретін «арзан пиар» деп атады

Желіде Әли Оқапов пен «Асыл» тобының әншісі Ақерке Бүркітбайдың суреттері пайда болды. Олар жай ғана суретке емес, той фототүсіріліміне түскен. Бұл туралы Nur.kz хабарлайды.

Бұл сурет желіде резонанс тудырды. Желі қолданушылары олардың үйленгеніне сенбей түрлі жазбалар қалдырды. Бірі бұл жай фотошоп десе, екіншілері расымен Ақерке Роза Рымбаеваның келіні болғанына сеніп қалды.

Дегенмен, бұл суретті пиар қадам ретінде бағалағандар да табылды. Себебі қос жұлдыздың да директоры Ерлан Әлімов есімді жігіт.

Ерлан Әлімовтен жайттың рас-өтірігін нақтылау мақсатында хабарласқанымызда, ол ешқандай пікір білдірмейтінін айтып, жауаптан жалтарды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close