Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

«Иванушки International» тобының экс-әншісі қайтыс болды

Бүгін таңертең әнші, «Иванушки International» тобының экс-әншісі Олег Яковлев қайтыс болды. Бұл туралы әншінің сүйіктісі инстаграм желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Бүгін сағат 7.05-те менің өмірімдегі ең басты ерім, періштем, бақытым өмірден өтті. Мен сенсіз енді қалай өмір сүремін? Самға Олег, мен сенімен әрдайым біргемін» — деп жазады әншінің сүйіктісі.

Естеріңізге салсақ Ресей БАҚ-тары «Иванушки International» тобының экс-әншісінің ауыр халде жатқанын хабарлаған еді.

Олег Яковлев «Иванушки International» тобына 1998 жылы, Игорь Сориннің орнына келген еді. 2013 жылы жеке шығармышылығымен айналысуы үшін, топтан кеткен болатын.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close