Жаңалықтаржоғары

Димаштың Астанадағы концерті несімен ерекшеленбек?

Астана қаласында өтетін «Бастау» атты Димаштың концертіне бірнеше күн қалды. 30 мың адам сыятын «Астана Арена» сахнасында өтетін концертке қазір қызу дайындық жүріп жатыр.

Бұл жайында 31 арнаның «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасында айтылды. Мамандардың айтуынша, дәл осындай шығармашылық кешті бұрын-соңды елімізде бірде бір әнші ұйымдастырып көрмепті. Сахнада жарқ-жұрқ еткен жарықтардан бөлек, шоуға көрік беретін, ұшатын экрандар мен арнайы сарқырамалар да орнатылмақ. Димаш бұл кеште жанды дауыста ән айтып қана қоймай, актерлік шеберлігін де танытпақ. Сондай-ақ  Ресей әншісі Кристина Орбакайтемен бірге “Опять метель” әнін орындап, “Ирония судьбы” киносындағы қос ғашықтың рөлін сомдайтын болады.

Ал «Бастауға» билет алудан Қытай елі көш бастап тұр екен.  Екінші орында Ресей, үшінші орында Франция, Бельгия, Польша, Германия, Чехия елдері бар.

Айта кететіні, концертке барып үлгермеген тыңдармандар 6-шілде күні 31 арнадан «Бастаудың» толық нұсқасын тамашалай алады.

Дереккөз: Baistars.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close