ЖаңалықтарШоумен & Тұлға

Ким Кардашьян ана атанды

kim-kardashian-kanye-west-cfda-fashion-awards-2015-getty

«Кардашьян отбасы» реалити шоуының жұлдызы, модель Ким Кардашьян мен жұбайы рэпер Канье Уэст өткен сенбіде, 5 желтоқсан күні екінші рет ата-ана атанды. 35 жасар Ким сүйіктісіне ұл сыйлады.

Бұл қуанышты хабарға тек жұлдызды отбасы мұрагерінің дүниеге уақытынан ерте келуі біраз кедергі болды. Ким Кардашьян жүктілігінің 37 аптасында босанғанына қарамастан, баланың да, өзінің де жағдайы жақсы екенін айтты. Шоу жұлдызына отаны Лос-Анджелестың жоғары санатты дәрігерлері жасаған.

Ким Кардашьян жақында ана атанатынын жасырмай, қыздары Норттың көп ұзамай бауыры болатынын жаздың алғашқы күнінде жариялағанын еске саламыз. Жүктілік кезінде Ким 30 килограмм салмақ қосқан еді.

Жұлдыздар әлемі

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close