Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Сергей Зверев Диана Шараповамен қазақ тілінде ән шырқады

Қазақстандық әнші Диана Шарапова ресейлік шоу-бизнес жұлдызы Сергей Зверевті қазақ тілінде ән айтуға үйретті. 1 желтоқсан күні «Новогодний бал» әнінің орыс тіліндегі нұсқасының клипі таныстырылды, ал бір аптадан соң әншілер аталмыш әннің қостанайлық ақын Еркін Сүйінбай сөзін жазған қазақ тіліндегі төл нұсқасын жарыққа шығаруды қолға алды, деп хабарлайды Mironov Entertainment агенттігінде.

 

скачанные файлы (1)«Бұл оңай болмады, әннің қазақ тіліндегі нұсқасын мен бір апта бойы үйде тыңдадым. Мен қазақ әліпбиінде орыс тіліндегіден гөрі әріптер көп екенін, олардың дыбысталу ерекшеліктері туралы білдім. Енді Н мен Ң-ды, О мен Ө-ні оңай айыра аламын», — дейді С.Зверев.

Диана Шарапованың продюсері Роман Мироновтың айтуынша, аталмыш клипті түсіруді Сергейдің өзі ұсынған.

Айта кетейік, Сергей Зверев жасөспірім шағында Өскемен қаласында тұрған.

20151208055419

inform.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close