ЖаңалықтарКино & Театр

«Томирис» фильміне кастинг жарияланды

Елордада «Тұмар» фильміне кастинг жарияланды. Бұл жайында, «ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы «Sataifilm» компаниясымен бірлесіп,  мамырдың 15-16-сы күндері Ақан Сатаевтың ең ауқымды «Тұмар» көркем фильміне кастинг жариялайды», — делінген режиссер Ақан Сатаевтың Инстаграмдағы парақшасында.

Ақан Сатаев «Тұмар» фильмін түсіретіндігін осыдан екі айдан астам уақыт бұрын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген отырысында мәлім еткен болатын.  «Осы жылы біз Мәдениет министрлігімен бірлесіп «Тұмар» тарихи фильмін түсіруді бастағалы отырмыз. Сапалы дүние шыққан жағдайда ол отандық көрерменнің де, шетелдік аудиторияның да қызығушылығына ие бола алатынына сенімдімін. Тұмар патшайым — әлемдік тарихтің барысына ықпал еткен тұлға. Кинопрокатымыздың географиясын кеңейту үшін мұндай жобаларды жасау керек деп санаймын. Себебі бұл елдің халықаралық имиджінің қалыптасуына оң әсер етеді», — деген еді режиссер.

Фильмнің кастингі жайлы inform.kz сайты хабарлады.

Кастингтің өтетін орны: Астана қаласы, Ілияс Есенберлин көшесі 10, «Жастар» театры. Сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін. Жас санаты: 16-жасқа дейін, ұлтына шектеу жоқ.

Дереккөз: Baistars.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

3 пікір

  1. Менің сұрайын дегенім мен Қызылордада тұрамын. Астанаға бара алмаймын. Бірақ кастингке қатысқым келеді. Қалай жасасам болады?

  2. мен де басқа қалада тұрамын.кастингке қатысқым келеді.мен астанаға бара алмаймын.не істесем болады?

  3. Мен Кызылордада турамын.Жасым 15те.Бойым 169.Салмагым 42-43кг.Мен Астана каласына бара алмаймын.Менын кинога тускым келет.Актриса болу арманым.Бурын 10жылдан аса бимен айналыстым саханага шыгып уйренгенмын казыр таеквондога катысам.Спектакльдерде ойнаганмын(жагымсыз кейіпкер боп) Менын кинога тускым келет.Актриса боп казак киносынын дамуына улес коссам деймін.Кандай роль болсада сомдаймын.Егер мены кинога кейыпкер ретынде алсаныз сенымдерыныз актап казак киносын дамытсам деймін.87057291455-дана.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close