ЖаңалықтаржоғарыСұхбаттар

Тұңғышбай Жаманқұлов: 69 миллионды мойнына алды деген жалған ақпарат

Актер, режиссер Тұңғышбай Жаманқұловтың басы дауға қалған болатын, актерді «Феникс» фильміне бөлінген ақшаны жеп қойды деп айыптап, актер сотқа шақырылған болатын. Актер барлық жайтты түсіндіріп, Ақжүніс — Астана журналына сұхбат берді.

«О баста тергеу дұрыс болмады… Ал тергеу барысында жаңағы Мужиков деген жігіт «мужикпін» деген сөзінде тұрмады… жаңа айттым ғой, «мен жіберемін, ертең істі жабамын, босатамын» деген Мужиковіміз мен больницаға жатқаннан кейін екі күннен кейін теледидардан: «Тұңғышбай Жаманқұлов мойнына алды 69 миллионды, енді 6 миллионын төледі…, қалғандарын төлей бастады…» деген жалған ақпарат бұрқ ете қалды. Ол мені тағы ұшырып түсірді. Содан кейін, берген уәдесін орындамағаннан кейін, кейінгі соттарда мен алдыңғы мойындауымнан бас тарттым. «Біз келіскенбіз!» дедім. Судья маған орынды сұрақ қойды: «Тұңғышбай Қадырұлы, сонда бұл сауда болды ма сендердің араларыңда?» деп орысшалап. Мен айттым, «сауда болды, судья мырза, осылай-осылай деп айтты, сондықтан мен мойныма алғам, бірақ олар қыздарды да шығарған жоқ, маған берген уәдесін де орындаған жоқ, істі жапқан жоқ!.. Бірін де орындамады!..» деп. Керісінше, Юдинаны өздерінің жағына бұрып, «тергеуге көмектесті» деп, «бүкіл жасаған кінәраттардың барлығын Тұңғышбай арқылы жасадық» деп жаздырып, әлгі «Айыптау актісі» дей ме… сол 60 беттік «Айыптау актісін» оқып қарасаңыз, төбе шашыңыз тік тұрады. Бәрін Тұңғышбай айтыпты, «ана жерге бар да сен ақшаны шаш…, Тұңғышбай айтыпты, мына жерге бар да ақшаны бер… Тұңғышбай айтыпты, сен ана жерге бар да, ақшаны жасыр…» депті. Мүмкін емес нәрсе!

Сөйтіп менің өмірімде бір еліме, жұртыма, ең бірінші өнерге осындай бір жаңа үрдісте, жаңа технологиямен, дүниежүзіне белгілі болатындай жағдайға жететін проектімнен Құлагерше… атылдым… Батыраш-Қотыраштарға атылдым… Қособаның түбінде…» — дейді актер сұхбат барысында.

Сұхбаттың толық нұсқасы Akjunis.kz сайтында.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close