Басты жаңалықтарЖаңалықтар

«Ананди» қазақстандық телехикаяға түсті

«Келін» телехикаясында Анандидің рөлін сомдаған актриса Авика Гор елімізге тағы да келді. Енді ол қазақстандық телехикаяға түсуде, деп хабарлайды Baq.kz

Жақында Астана телеарнасында «Қош келдіңіз» сериалы жарыққа шығады. Телехикаядан қазақ отбасында қонақ болған Анандиді көресіздер.

Сонымен қатар, үнді актрисасы Берік Тұрсынбековпен бірге «Күлпәштің хикаялары» түсіріліміне қатысыпты.

Инстаграм желісінде Авика Гордың бірнеше отандық бағдарламаға түсіп, қазақстандық жанкүйерлермен кездескен сәті жарияланды.

Еске сала кетейік, үндінің «Келін» телехикаясында басты рөлді сомдаған Авика Гор (Ананди) бұған дейін де Қазақстанға келді. Ол ұлттық арнадағы «Таңшолпан», «Түнгі студия», «Әйел бақыты» сынды бағдарламалардың қонағы болған.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close