Жаңалықтар

«Тұмар» І ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Кеше, 17 наурыз күні Астанадағы «Қазмедиа» орталығының концерт залында «Тұмар» І ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын мараппатау рәсімі өтті. Аталмыш шарада 12 аталым бойынша сынға түскен үздік теле жобалар анықталған деп хабарлайды Nur.kz

Барша БАҚ өкілдері көз тіккен салтанатты кешке еліміздің танымал тұлғалары ерекше дайындықпен келіпті. Өйткені, олар марапаттау рәсімі басталмай тұрып арнайы жайылған қызыл кілеммен жүріп өтті.

Осы орайда, көпшіліктің назарына түскен Баян Мақсатқызы мен оның жаңа ғашығы Тұрсынғали Алагөзовтің аталмыш шараға қол ұстасып келгендерін айта кеткен жөн болар.

Еліміздегі ең үздік тележурналистер анықталды (фото)
Фото: Nur.kz

ТҰРСЫНҒАЛИ АЛАГӨЗОВ ЖӘНЕ БАЯН ЕСЕНТАЕВА. ФОТО BNEWS.KZ

Сондай-ақ, елімізге есімі мәлім тележурналистер мен  режиссерлар да жүрді.

Еліміздегі ең үздік тележурналистер анықталды (фото)
Фото: Nur.kz
Еліміздегі ең үздік тележурналистер анықталды (фото)
Фото: Nur.kz
Еліміздегі ең үздік тележурналистер анықталды (фото)
Фото: Nur.kz
Еліміздегі ең үздік тележурналистер анықталды (фото)
Фото: Nur.kz
Еліміздегі ең үздік тележурналистер анықталды (фото)
Фото: Nur.kz

Мәскеуге бір ай демалуға кеткен танымал әнші Ерке Есмахан да бұл кештің көркін қыздырды.

Еліміздегі ең үздік тележурналистер анықталды (фото)
Фото: Nur.kz

Сонымен, әділ қазылар алқасы жабық дауыс беру арқылы анықталған үздік телевизиялық жобалар төмендегідей:

«Үздік әлеуметтік жоба» — «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Айтуға оңай» бағдарламасы;

«Үздік ақпараттық бағдарлама» — «31» телеарнасы, «Информбюро» жаңалықтары;

«Үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама» — «Қазақстан-Атырау» телеарнасы, «Адасқандар» бағдарламасы;

«Үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама» — «Рика ТВ» телеарнасы (Ақтөбе қаласы), «Город сегодня» бағдарламасы;

«Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама» — «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Аpta.kz» бағдарламасы;

«Үздік музыкалық бағдарлама» — «ТV Key» ЖШС, «Музыкальный Перформанс»;

«Үздік әзіл-сықақ бағдарламасы» — «Балапан» телеарнасы, «Күлегеш» бағдарламасы;

«Үздік деректі кино» — «Хабар» телеарнасы», «Тайны и судьбы великих казахов» деректі фильмі;

«Үздік ток-шоу» — «КТК» телеарнасы, «Наша правда» ток-шоуы;

«Үздік телевизиялық телехикая» — «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Әке» телехикаясы;

«Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы» — «Атамекен» business channel телеарнасының ашылуы;

«Телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін» — қоғам қайраткері, жазушы, журналист Сұлтан Оразалы;

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close