Жаңалықтар
Димаш қатысып жатқан «I am singer» жобасы «Хабар» арнасынан көрсетілетін болды
Отандасымыз қатысып жатқан Қытайдағы «I am singer» жобасын отандық «Хабар» телеарнасы көрсететін болды. Бұл туралы «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Қазақ елі дарындарын қолдайды! «Хабар» агенттігі Димаш ұлын қолдайды! Ештен кеш жақсы дейді атам қазақ. Қытай тарапымен ұзаққа созылған қиын да күрделі келсісөздер артта қалды. Алла қаласа жаңа көктемгі маусымнан бастап «Хабар» арнасы ҚХР-да өтіп жатқан «I am singer» жобасындағы Димаш Құдайберген қатысқан барлық шығарылымдарды отандық көрермен назарына ұсынатын болады. Қуан қазақ, қуан көрермен! Алға, Димаш!!!» — дейді Ринат Кертаев.