ЖаңалықтарӘнші

Индира Расылхан: Мен үшін ең үлкен атақ – «Индира Расылханның эстрада әншісі болғаны!».

Белгілі әнші Индира Расылхан baq.kz сайтына берген сұхбатында «мен үшін ең үлкен атақ – «Индира Расылханның эстрада әншісі болғаны!»-деп жауап берді.  Дәл осы атаққа жететін ештеңе жоқ. Майра апамыз секілді атақ-даңққа жетуім үшін әлі де еңбектенуім керек. Маған атақ алу әлі ерте. Бұйыртса, қырыққа енді толамын. Әріптестерімнің алған атақтарына қызғанышпен қараған емеспін. Әр марапат өзінің жолымен, адал еңбекпен келеді. Сондықтан атақ алуға асықпаймын. Көбірек концерт беріп, жаңа әндермен репертуарымды байытып, Индира Расылхан бола түсуім керек. Рас, соңғы кезде атаққұмарлар көбейіп барады. Бәлкім олардың жасаған еңбектері бар шығар. Сол әншілерді тыңдаған халықтың санын есептеп, бағалайтын шығар. Кейде өмірдің ағымына байланысты жасаған еңбек ескеріле бермейді. Бұл мәселе жөнінде көптеген ойлар айтуыма болады. Бірақ та менің ішім тар емес. Бұйырған ырыздықтың қашпайтынына, өз уақытында сәнімен келетініне сенімдімін. Халық қаламайтын, бағаламайтын, маңдай теріңмен еңбек етіп алмаған атақтың аты да, даңқы да қысқа болмай ма?! Өнерпаз жандар осы мәселені ескерсе екен деймін.

Дереккөз: baq.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close