Басты жаңалықтарЖаңалықтарСауалнамаТелерадио

Жазбалары мен суреттерін желіге жүктеймін деп, басы дауға қалған жұлдыздар кімдер?

Әлеуметтік желілер, осылай, бірде қолданушыларын қуантып жатса, зиян тигізетін тұстары да болады. Шет елдік сайттардың бірі, парақшасында постты жариялап, басы дауға қалған жұлдыздардың бір тобын жариялаған. Бұл тізімде кімдер бар? Бірге білейік…

Актриса Гвинет Пэлтроу 2012 жылы Францияда өткен Джей-зидің концертінен алған әсерінен бөліспек ниетте твиттерде “Негрлер Парижде”-деген жазба жариялайды. АҚШта рұқсат етілмейтін негр сөзін қолданғаны үшін оқырмандар жағымсыз пікірлерін қарша жаудырды. Бұл әннің атауы деп ақталған актриса ақыры жазбаны өшіруге мәжбүр болды. Аңдамай пост жариялаған танымал тұлғалардың ішінде Канье Уэст, Ким Кардашян, Рианна мен Джастин Бибер де бар.

UwAiku3Uc8g

Әлеуметтік желіде жұлдыздардың әр қадамын қалт жібермей, қадағалап отыратын отандық жұлдыздардың да оқырмандары қалысар емес. Әнші Роза Әлқожа әріптесінің суретін парақшасына жүктеп, соңында өзі айыпты болып танылған.

Роза Әлқожа: Гаухар Әлімбекованы салған кезде, неге екенін білмеймін макияжына тиісіп, жағымсыз пікірлер жазды. Біреулер маған сен Әлімбекованы жаман десін деп шығардың деп жазды, сондықтан ол суретті алып тастадым.

Жазира Байырбекова бүгінде отбасымен суретке түсуге жүрексінетін көрінеді.

Жазира Байырбекова: Зәулім үйде тұрамын деп мәз болып жүрген шығарсың, “бір күні күлің көкке ұшады, осыдан қарап тұр”-деп жазыпты. Бұл адам мені неге сонша жек көреді екен дедім, шыны керек қорқып кеттім. Ол қызды бірден блокқа салып жібердім.

Есболат Беделхан: Егер халық ұрысса, әр түрлі әңгіме кетсе мен керісінше солай қалдырамын. Өйткені бір нәрседен қорыққандай өшіріп тастау дұрыс емес деп есептеймін.

Осылайша оқырманға жауап берудің жаңа жолын тапқан, ал өзге өнерпаздар жүктейтін посттарын бірнеше мәрте ойланып барып, жариялайтын болыпты.

НТК арнасының Ревю бағдарламасы.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close