жоғарыКино & Театр

Жәния Джуринская неге ұрысқақ?

Көп адам актриса Жәния Джуринскаяның “ВУЗеры”, “Өкініш” туындыларындағы ұрысқақ бойжеткенді сомдайтын рөлдерін жаттап алған сыңайлы. Не себепті үнемі жағымсыз кейіпкердің рөлін ойнайтынын актриса өзі түсіндірді.

“Неге үнемі ұрысқақ бойжеткенді сомдайсыз?” деп менен жиі сұрайды. Мен осыған дейін мейірімді дәрігерді, скрипкашыны, қорғаушыны және т.б. рөлдерде ойнаған болатынмын. Алайда сіздер мені не ұрысқақ, не күлкілі кейіпкер ретінде естеріңізде сақтайсыздар. Кез келген адам “сүйкімдінің” рөлін сомдай алады, ал ақымақты ақымақ сомдай алмайды”, – деп шынайы өмірде өте сезімтал жан екенін жеткізді.

Ары қарай “Ешқашан ешкімнен ешнәрсе қайталама! Біреуге ұқсап бағудың қажеті жоқ. Мүмкіндіктеріңнің шексіз екенін біл! Сенен бұдан да жақсы бола аласың! Сен – жеке тұлғасың! Қанатымның қайырылғаны соншалық, мен олардың көмегінсіз ұшуды үйрендім”, – деп ХХІ ғасырда жетістікке жеткісі келетін жандарға батыл болуға кеңес берді.

novyy-kollazh-18

Бұдан өзге “Студенттік шағымда 4 жыл бойы қыс болсын, жаңбыр, жел, дауыл, заманның ақыры болсын 15 сантиметрлік біз өкшелі аяқ киім киіп жүретінмін. Мен мықты “чиксамын”. Қалай ғана осылай жүрдім екен? Мені жан досым осы күнге дейін “Чикса” деп атайды. Әрине, дәл қазір басқа оқиға. Қап, қартайып барамын, жәй табан аяқ киім ғана киемін”, – деп жұмысбасты бойжеткен қазіргі таңда “сұлулықтан жылуды” артық көретінін жеткізді.

zhaniya-dzhurinskaya-dorokhins-magazine-1

Байқоңырда 1990 жылы дүниеге келген ару Алматыға білім іздеп келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де журналистика факультетіне түскен. Алайда бірінші курстың өзінде ән шырқап Баян Есентаева құрған топтың әншісі болды. Бүгінгі таңда “Өкініш” фильмі мен “Болашақ”, “Парыз”, “Өмір өткелдері”, “Ғашық жүрек”, “ВУЗеры” сынды бірнеше телехикаядан бой көрсетіп үлгерген.

k-2

stan.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

3 пікір

  1. Осы мен халықтарды түсінбеймін . Адам киноға қалай түссе, өмірде де солай деп неге беталдыдан айта береді.
    Егер бір актер кинолардын бәріне кісі өлтіргіш болып түссе, өмірде де сондай Адам өлтіреді екен деп айтады ма сонда. ?!
    Жания ұрысқақ емес. Қазақтың мәдениетті, әдемі, тәртіпті, сұлу ҚЫЗЫ!!!!!!

  2. Баян Есентаева ның қандай тобында әнші болған сонда ол кездери тек Кеш you ғана болған емес па ол кезде алғашқы Кеш you де Мөлдір, Анел, Зумрат болған емес па әлде мен шадасып турмын ба? Или басқа да топтары болған ба? ба Баян Есентаева ның

    1. Баян Есентаеваның Shine деген тобы болды, «Бір шанс бер» деген әнмен танылған Жәния сол топта өнер көрсетті!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close