Жаңалықтар

«Expo» қарсаңында Астанада Шакира мен Рианнаның концерті өтеді

2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Риана мен Шакира қатысып, концерт береді. Бұл турады L’Officiel Kazakhstan журналы жазады.

Басылым жеке дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, осыған дейін таралып кеткен көрмеге Рианнаның келетіні туралы қауесет сөзді растады, сондай-ақ Латын Америкасының белгілі әншісі Шакираның да Астанада концерт беретіні туралы хабарлады.

Бұған дейін Астанада Ne-Yo, Akon, Nicole Scherzinger секілді әлемдік жұлдыздар түрлі шаралар аясында өнер көрсеткен болатын.

Рианна мен Шакира бірлесіп ән айтқан болатын. Алайда ЭКСПО барысында бұл шығарманың орындалуы туралы дерек жоқ.

Дереккөз: Baistars.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close