Жаңалықтар

Осы айда өтетін концерттер тізімі

Осы айда Қазақ эстрадасының және шетел жұлдыздарының Алматы, Астана қалаларында жеке концерттері өтетін болады. “Жұлдыздар Әлемі” назарларыңызға ақпан айында өтетін концерттердің тізімін жариялайды.

Құдайбергеновтердің концерті

Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер өздерінің ұл, қыздарымен бірге 25 ақпан күні Алматыдағы «Республика сарайында» Тәуелсіздің 25 жылдығына арналған «Егіз сезім» атты ән кешіне шақырады.

Сейдолла Бәйтерековтың шығармашылығына арналған ән кеші

10 ақпан күні Алматыдағы «Республика сарайында» Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, көптеген танымал әндердің авторы Сейдолла Бәйтерековты еске алуға арналған «Жан досым» атты концерт өтеді.

Концерт қонақтары: Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Бақыт Шадаева, Жеңіс Ысқақова, Бақыт Шадаева, Сүндет Байғожин, Серік Ибрагимов, Әли Оқапов және өзге де өзге де әншілер.

Бекболат Тілеуханның «Елім менің» атты шығармашылық кеші

12 ақпан күні әнші, жыршы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекболат Тілеуханның «Елім менің» атты шығармашылық кеші өтеді. Концертте Досымжан Таңатаров, Қайрат Нұртас, Ернар Айдар, Алашұлы тобы және өзге де белгілі әншілер қатысады.

Рэп-орындаушы Скриптониттің концерті

Елімізге және ТМД елдеріне танымал рэп-орындаушы Скриптониттің 8 ақпан күні Алматыдағы халық аренада жеке концерті өтеді.

Виктор Цойды еске алу концерті

24 ақпан күні Алматыдағы «Event city Holl»-да «Кино» тобының әншісі, актер, музыкант Виктор Цойдың еске алу концерті өтеді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close