ЖаңалықтарКино & Театр

«Ұлттық арнада» корей телехикаясы көрсетілмек

Оңтүстік Кореяда ең жоғарғы рейтингке ие болған «Descendants of the Sun» телехикаяларын Қазақстан Ұлттық арнасы көрермендерге ұсынбақ. Ғаламтор желісіндегі көрермендер «Потомки солнце» атауымен тамашалаған дораманы, қазақ көрермендері енді «Бітімгерлер» деген көре алатын болады.

Басты рөлде Сон Джун Ки, Сон Хе Гё, Чжин Гу, Ким Чжи Вон атты Кореяға танымал актерлер ойнайды.

25 наурыздан бастап сенбі-жексенбі күндері «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Бітімгерлер» атты жаңа корей телехикаясы көрерменге жол тартады. Телехикая арнайы жасақ бөлімшесінің капитаны Ю Сиджин мен дәрігер Кан Моенның арасындағы сыйластық пен мөлдір махаббатты баяндайды. Біріне қызметіне байланысты адам өлтіруге тура келсе, екіншісі кез келген адамды құтқару керек деп санайды. Көзқарастары мен қызметтері екі бөлек жандардың сезімі қалай өрбімек? 25 наурызда сағат 14:55-те Ұлттық арнадан «Бітімгерлер» телехикаясының алғашқы бөлімін көріңіз! #Бітімгерлер #ҰлттықАрна #ЖаңаМаусым #КөктемгіЖаңару

Публикация от «Қазақстан» РТРК» АҚ (@kaztrk_kz)

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close