Жаңалықтар

Эстрада әншілері Шәмші әндерін орындаудан эстафета бастады

Қазақ эстрадасында жүрген өнер иелері әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындаудан эстафета бастады.

Эстафетаны 21-қаңтардан бастап «Хабар» арнасынан көрсетілетін Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы туралы телехикаяның тұсаукесеріне орай Дәурен Серғазин бастаған. Өз кезегінде эстафетаны Дәуреннен қабылдап алған «Асыл» тобының мүшесі Ақерке Бүркітбай мен Аян Өтепберген Шәмшінің «Сен сұлу» әнін орындап, эстафета кезегін Ғаділбек Жанай мен Әли Оқаповқа жолдаған. Ал сазгердің «Арыс жағасында» әнін орындаған Ғаділбек Жанай алауды Марат Балмырзаға тапсырды.


Дереккөз: Reactor.inform.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close