Жаңалықтар

Баян Мақсатқызы болашақта жарық көретін кітабынан үзінді жариялады

Продюсер, тележүргізуші, актриса Баян Есентаева енді кітап жазуға көшті. Жо-жоқ, том-том әдеби шығарма емес, өзінің өмірбаяндық мемуары. Күні бүгінге дейін басынан өткен жағдайларды жазбақ. Әрине өткен жылдың маусымында ерімен екеуара болған іске басымдық берілмек. Кітап жазуды қолға алуына да осы жағдай түрткі болса керек.

Сонымен үзіндінің мағынасы мынадай: «Ауруханада ояндым. Қайда екенімді, мұнда неге келгенімді, неге қатты ауырсынып тұрғанымды түсіне алмадым. Бұгы жақын адамымның бірі жасаған сияқты. Басым ауырып кетті, түк түсіне алмадым. Бірақ жылағым келді. Есіме түсті. Мұндай жағдай бұрын да басымнан өткен еді ғой. Бейтаныс жерде көзімді аштым. Ауыр болды. Және бұл іс те жақын адамымның ісі еді. Иә, мен ол кезде жеті жастамын. Барлық тісімнен айырылдым… Жоқ, ештеңе түсініксіз. Басынан бастайын».

 

Дереккөз: Alashainasy.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close