Жаңалықтар

Алагөзов: Ол менің өмірімді өзгертіп жіберді

Тұрсынғали Алагөзов Instagram желісіндегі парақшасында әйел адаммен түскен суретін жариялады. Суреттің сипаттамасында «Ол менің өмірімді өзгертіп жіберді» деп жазған. Суретте ол әйел адамның Баян Мақсатқызы екенін растап, аккаунтын белгілеп қойған.

Желі қолданушылары да бұл суретте қазақстандық белгілі продюсер Баян Есентаева бейнеленген деп отыр. Айта кетейік, бақыт тілеп жатқан оқырмандарына Алагөзов рақмет айтты.


© instagram.com/tursen_alaguzov

Айта кетейік, осыған дейін продюсер Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтің қарым-қатынасы жайлы кейбір БАҚ-тар жаза бастаған болатын. Жарияланған мәліметтерге қарағанда, Тұрсынғали Алагөзов 1969 жылдың 17 қыркүйегінде Алматыда дүниеге келген. Благовещенскіде борышын өтеген. Ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығы механизация мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ, Қытайдың Сиань қаласында Солтүстік-Батыс университетінде оқыған. Алагөзов бизнесмен және бүгінгі таңда «Galanz Bottlers» АҚ компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы. Ал оның әкесі Тұрым Алагөзов белгілі композитор, дирижер, ҚР Композиторлар одағының мүшесі.

Осыған дейін басылымдарға берген сұхбатында Тұрсынғали Алагөзов 20 жаста үйленгенін мәлімдеген. Сонымен қатар, бизнесменнің екі баласы бар екен.


© instagram/tursen_alaguzov

Алайда Баян Есентаеваның өзі Алагөзовпен қарым-қатынасы жайлы ешқандай пікір білдірген жоқ.

Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close