ЖаңалықтарСпорт

Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы GGG командасының ресми өкілі Жанар Өтешева Instagram желісіндегі өзінің парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, спортшы рекордтар кітабына нокаут пайызы ең жоғары орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде кірді. Оның нокауттарының қатынасы 91,67 пайыз. Айта кетейік, Головкин қазіргі уақытта WBA (Super), IBF, IBO және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Қазақстандық боксшы 36 жекпе-жек өткізіп, 36 жеңіске жеткен. 33 кездесуін нокаутпен аяқтаған.

Голливудта өтіп жатқан WBC-дің жыл сайынғы конвенциясында Головкинге Гиннес рекордтар кітабының сертификаты табысталды. Сонымен қатар, осы шарада қазақстандық боксшы тағы екі жүлдеге ие болды. WBC Головкинның Келл Брукпен өткізген жекпе-жегін «Жыл оқиғасы» деп мойындады, сондай-ақ GGG-ге басымдығы артық боксшы ретінде арнайы сыйлық табысталды.

Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close