Жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Мені автобустан немесе базардан көрсеңіздер таң қалмаңыздар

2 желтоқсан күні Қайрат Нұртас жанкүйерлерімен кездесіп, жаңа жыл қарсаңында өтетін өзінің концертінің билеттерін өзі сатты. Әнші не себепті мұндай қадамға барғанын түсіндірді. Бұл туралы stan.kz хабарлайды. 
Қайрат Нұртас: Мені автобустан немесе базардан көрсеңіздер таңғалмаңыздар
«Бүгінгі күнімді халықпен бірге суретке түсіп, сырласып, әңгіме айтуға арнадым. Мәселе менің билет сатқанымда емес. Әдейі қызық болсын деп шақырдық. Адам жинау үшін немесе билет өткізу ойымда жоқ», – деп түсіндірді әнші НТК арнасының «Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.
Бұл күні республика сарайының алдына жиналған адам қарасы көп болды. Олардың түгелі дерлік кумирлерін көріп, онымен суретке түсу үшін арнайы келген. Бір қызығы, Қайратты бір көру үшін республика сарайының алдына жас та, кәрі де жиналды. Тіпті, емізулі баласын құшақтаған ата-аналар Қайратты көру үшін ұзын-сонар кезекке тұрудан тайсалмады.

Ал әнші бұдан былай қоғамдық орындардарда жиі жүруі мүмкін екенін айтты.
«Біріншісі осы болса, бір күні автобуста не базарда жүруім мүмкін», – дейді Қайрат Нұртас.

Дереккөз: Alashinform.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close