Жаңалықтар

Қазақ қызын тоқалдыққа алғысы келген Түрік әншісі Асхат Садырбайдың сынына ілікті

Танымал тележүргізуші Асхат Садырбай қазақ қызын тоқалдыққа алғысы келген түркиялық әнші Бурайды сынға алды.

Түркиялық әнші Бурай «Жыл таңдауы» концертінде Қайрат Нұртас және Төреғали Төреәлімен бірге ән айтқан соң қазақстандық БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Ол өз сұхбатында отбасылы екенін бірақ қазақ қызын тоқалдыққа алғысы келетінін жасырмады. Асхат Садырбай оның бұл сөзі басынғандық екенін айтып, шетелдік әншілерді эфирден беруін тоқтатпайтын арналарды сынға алды.

«Өзге елдің әншілерін елге әкеп төбемізге көтереміз, ал, олар білгендерін істейді. Онысы аздай қазақ қыздары ұнады, әдемі екен, тоқал қып аламын деп жаһанға жар салады. Ал, біздің намыссыздар, арсыздар оларды әкелуін, басты арналардан эфир берулерін тоқтатпайды. Қайта керісінше үдетеді. Шығаратын болсақ өзімізде өнерпаз жоқ па, өзімізде әнші жоқ па? Өзіміздікілерге эфирдің бір секундын қимайтын, қиса да пәлен мың сұрайтын «қамқоршылар» асын ішіп, аяғына т…п кетіп жатқан өзгелерге неге екені жұмбақ, бәрін үйіп-төгеді. Олар қай мемлекеттің мүддесіне, қай ұлттың болашағына қызмет етіп жатқандықтарын біле ме екен? Иә, біз көпұлтты, қонақжай xалықпыз, бірақ ешкім есіктен кіріп төр менікі демеген. Біздің бір әншіні шетелге, немесе мейлі, мынау тұрған Өзбекстан, Қырғызстанға апарып көріңізші төбесінде тайраңдатпақ түгілі, маңына да жолатпайды. Әйтпесе олар да көпұлтты, олар да қонақжай»,-деді Асхат Садырбай.

Желі қолданушыларының көпшілігі журналистің пікірін қолдады.

Дереккөз: Baistars.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. әрине орынды мен түрік әншілерін сүйіп тыңдаймын бірақ мен бұған қарсымын өз басым қазақ қызы өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қарсымын қазақ жігіті жетпей қалдыма басқа басқа Бурайдан мұндай нәрсе шығады деп ойлаппын бірақ өлеңдерін сүйіп тыңдаймын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close