Жаңалықтар

Баян Мақсатқызы «КЕШYOU» тобының құрамының өзгеретінін ресми түрде мәлімдеді

Баян Мақсатқызы  «КЕШYOU» тобының әншісі Ақбота Сейтмағамбеттің топтан кететіні жайлы ресми түрде мәлімдеді.

Бұл жайында ол желідегі парақшасында хабарлады.

«Өмірдің ең қызығы — ол өмірдің өзі. Әркімнің біз дүниеге келмей тұрып маңдайына жазылған тағдыры бар. Ақботаның тағдыры мен үшін де,  «КЕШYOU» тобының жанкүйрелері үшін де күтпеген жағдай болды, ол тұрмысқа шыққалы жатыр. Мен Ақботаға тек қана бақыт тілеймін.«Гламур для дур» фильмі оның өмірін басқа арнаға бұрды, ол сол фильмдегі түсірілім алаңынан өз сүйіктісін тапты. Ал біз тоқтамай, ары қарай жүруіміз керек. Жақын арада  «КЕШYOU» тобын сіз күтпеген жаңа құрамда көре алатын боласыздар!»-деп жазады продюсер.

Естеріңізге салсақ Ақбота  «КЕШYOU» тобына 2015 жылдың басында қабылданған еді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close