Басты жаңалықтарЖаңалықтар

ТҰРСЫНХАН ЕРКІН «BALA TURKVIZYON-2015» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫНДА ІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Ыстамбұлда өткен «Bala Turkvizyon» халықаралық ән байқауында бақ сынасқан 13 елдің өнерпаздарының арасынан 12 жасар қазақстандық Тұрсынхан Еркін екінші орын иеленді. Бұл туралы аталмыш байқаудың Инстаграмдағы парақшасында хабарланған. 

20151216053420

Қарағандылық Тұрсынхан Еркін өңірлік кастингтен өтіп, «Bala Turkvizyon» ұлттық іріктеу кезеңінің Астанада тамыз айында өткен ақтық сынында 34,5 ұпаймен жеңімпаз атанған еді.

Оның тәлімгері әйгілі әнші Нұржан Керменбаев болды. «Bala Turkvizyon-Қазақстан» финалына арнап Нұржан, ақын Ш.Әбдірахман мен сазгер М.Сәби «Самға» әнін жазды. Осылайша, бұл әнді Тұрсынхан Еркін Түркияның Ыстамбұл қаласында «Bala Turkvizyon» халықаралық ән байқауының Гранд-финалында миллиондаған аудитория алдында орындады.

20151216053423

Ал байқауда Гран-при иеленген әзербайжандық өрен енді 18 желтоқсанда ашылатын ересектер арасындағы Turkvizyon-2015 байқауында өнер көрсететін болады. Бұл байқауды 300 млн-нан астам телекөрермен тамашаламақ. Ол «Хабар» арнасынан көрсетіледі.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close