АфишаЖаңалықтар

Астаналық көрермендер назарына «Сұлу мен суретші» атты жаңа туынды ұсынылады

16-17 желтоқсан күндері елордадағы Жастар театрында өнер ордасының көркемдік жетекшісі және бас режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай көрерменге Талаптан Ахметжанның «Сұлу мен суретші» қойылымын ұсынады.

xfU3x5zKp5qJ4kxcZg1GUEG1U643qb

Қашанда жаңашылдықты жанына серік еткен режиссердің бұл жолы да көрерменіне ұсынар жаңалығы аз емес. Әуезді әуен мен бейнелі биді қатар өрген қойылым көңіл пернелерін дөп басып, сахна сұлулығын өзгеше қырынан әйгілейді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметінен.

Сахнада дарынды актриса, «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина сұлу образына енсе, оны бір көріп, өмір бойы сүйіп өткен суретшінің бейінесін талантты актеі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әділ Ахметов сомдайды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close