Жаңалықтар

Жолсеріктер туралы жаңа телесериал көрерменге жол тартты

«Хабар» телеарнасында 21 қарашадан бастап «Сапарластар хикаясы» телесериалы көрерменге жол тартады. Теміржол саласында қызмет ететін жолсеріктердің қызыққа толы өмірін суреттейтін картинаны «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен «Аю Синема» компаниясы түсірген.

«Сапарластар хикаясында» бала күнінен пойыздың басшысы болуды армандаған Асанның бастан кешкен оқиғалары көрсетіледі. Ол колледжді аяқтап, төрт жыл қатарынан оқуға түсе алмайды. Оған ақылы түрде оқуға кеңес береді. Алайда оның қаржылық жағдайы болмай, жігіт жолсерік болып қызметке орналасады. Жаңа жұмыс орнында басшысы қатал, қырсық, қыңыр мінезді адам, біздің кейіпкерді мұндай мінсіз ұжымға лайықсыз деп ойлайды.

«Асан өте қызық жігіт. Сапар барасында көптеген адамдарды кезіктіріп, әртүрлі оқиғаларға тап болады. Бұл фильм толықтай өмірден алынды деуге келмейді, бірақ жолға шыққанда не болмайды? Адамдардың басынан түрлі жағдайлар өтеді. Сол себепті көрерменге ұнайды деген ойдамын, себебі жеңіл, күлкілі», — дейді «Хабар» телеарнасының басшысы Сандуғаш Рахимжанова.

Туынды шынайы шығуы үшін түсіру жұмыстары Алматы қаласымен қатар, теміржол бойында өткен. Поездар бекетке тоқтаған кезде шығармашылық топ он бес минуттық үзілісті пайдаланып түсірілімді жалғастырып отырыпты.

«15 минуттан соң поездың қозғалатынын білгендіктен барлығын бір дегенде, ешқандай дублсіз түсіруге тырыстық. Мұнда актерлердің еңбегі ереше болды. Біз әр бөлімге елге танымал өнер иелері мен әлеуметтік желі жұлдыздарын шақырдық. Олардың арасында Айқын, Кентал, Айжан Нұрмағамбетовалар бар» — дейді продюсері Айя Қабиоллова.

Басты рөлдерде Динара Бактыбаева («Хабар» арнасындағы «Зәуре» телесериалынан, сондай-ақ «Жұлдыздар тоғысқанда», «Мен және ол» фильмдерімен танымал), Шәріп Серік (көрерменге «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі «вайндары» арқылы жақсы таныс, сонымен қатар А.Сатаевтың «Райондар» фильмінде басты рөлді сомдады), Төлепберген Байсақалов, Гүлнәра Байбосынова, Ниязбек Шайсұлтанов, Ольга Сокол.

«Сапарластар хикаясы» 21 қарашадан бастап дүйсенбі-жұма күндері сағат 19.40-та «Хабар» арнасының эфирінен көрсетіледі.

Дереккөз: Baq.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close