Жаңалықтар

Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды

Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Қожамжаров актердің қайтарған сомасын айтты.

«Бүгінге дейін шамамен 6 миллион теңгесін қайтарды. Ол «Қазақфильмге» барлық қарызды өтеп беретінін мәлімдеді, ол өзіне осындай міндетті алды», — деді Қайрат Қожамжаров Мәжіліс отырысының үзілісінде журналистерге.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әртістің кепілмен босатылғанын еске салды.

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық актердің ұсталғаны хабарланған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Феникс» көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтаған болатын. Кейін ол өз кінәсін толықтай мойындады.

Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close