Жаңалықтаржоғары

Өзге әйелдің арбауында кеткен отандық жұлдыздар кімдер?

YouTube желісіндегі жоба ProjectKazakhEli Өзге әйелдің арбауында кеткен отандық жұлдыздар тізімін шығарған болатын. Бүгінде өзге әйелдің арбауында кетіп, отбасы мен бала-шағасынан алыстап жатқан ер-азаматтардың тізімі көбеюде. Ол тізімнің арасында отандық жұлдыздар да жетерлік. Мәселен: екінші рет жас орыс қызымен отау көтерген Сейфуллин Жолбарыс. Бақытын екінші некесінен тапқан Сейфуллин Жолбарыс жарының суреттерін желіде жиі жариялағанымен, балаларын еш көрсеткен емес еді. Бірақ жуырда ғана  Сейфуллин Жолбарыс жары Екатерина екеуінің ортақ перзенттерін көрсетті. Ал алғашқы некесінен бір қыз, бір ұлы бар. Композитордың екінші некесінен екі қызы бар болып шықты.

Мұрат Қожа отандық бағдарламалардың бірінде бірінші некесінің сәтсіз аяқталғанын айтып өтті. Ол алғаш 22 жасында шаңырақ көтерген екен. Айтуынша, бұл жасында оған ақыл айтып, демеу болар адам болмаған. Мұнымен қатар, ол қыздарға ерте отбасын құруға кеңес берді. Әнші өзінің екінші отбасы туралы да айтып өтті. Екінші жұбайымен айтарлықтай жас айырмашылықтары бар екен.

«Өз адамымды жолықтырдым. Ол адамды сүйіп жақсы көргендіктен, үйлену туралы ұсыныс жасадым. Оның үстіне отбасын құруға дайынмын. Енді қателікке бой алдырғым келмейді. Соның барлығын ақылға салып шештім. Екінші жұбайым екеуіміздің арамыз 11 жас», – дейді ол «Әйел бақыты» бағдарламасына берген сұхбатында.

«Гламұр для дур» фильмінен кейін елді шулатқан Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағанбет. Әзілкеш Дәуреннің бірінші отбасынан 3 баласы бар, Ал Ақботадан Ибрахим есімді бір ұлы бар.

Әнші Асхат Тарғын болса енді оқу бітірген қызға үйленді. Әншінің өзі қазір 35 жаста. Оның бірінші әйелінен Айым есімді қызы бар. Асхат үнемі қызын қолдап, өнерге яғни әншілікте жол көрсетіп жүрген үлгілі әке.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close