Кино & ТеатрСараптамалар

Голливуд жұлдыздары қанша тіл біледі?

Зайырлы қоғамда өзектілігін еш жоғалтпаған шет тілін үйрену, жұлдыздар арасында да трендке айналған. Тіл меңгеру шетелдіктермен қарым-қатынаста емес, жұмыста да үлкен табысқа алып келуі мүмкін. Оған дәлел – бүгінгі кейіпкерлер. Қазіргі таңда ниет пен талпыныс болса үлкен мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар бар. Тіл білудің маңыздылығын түсінген жұлдыздар қатары да аз емес. Назарларыңызға өнерілі полиглоттарды ұсынамыз.

Натали Портман сұлулығымен ғана таңқалдырып қоймай, бірнеше тіл білетінін де мақтан тұтады. Израильде дүниеге келген актриса бала кезінен иврит тілінде сөйлейді. Үш жасында Америка Құрама Штаттарына көшіп ағылшын, француз, жапон, неміс тілдерін үйренген.

291

Кішкентайынан жақсы білім алуды өзіне мақсат еткен Шакира Исабель Мебарак Риполлана тілі испан тілінен басқа ағылшын, итальян, француз каталон тілдерін біледі. Мұнымен қоса Шакираның IQ 140 екенін еске саламыз.

5152326Оскар жүлдесінің иегері Гвинет Пэлтроу ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Уақыт өте испан тілін үйреніп, қазіргі таңда екі тілде блог жүргізеді.

diana-kryuger1Канн фестивалінде «ең жас талантты актриса» жүлдесіне ие болған неміс ауылында дүниеге келген Диана Крюгер ана тілінде қалай сөйлесе, ағылшын, француз тілдерінде де жақсы сөйлейді.

a240ae632e13bce135003b884010c009_956Хиддлстон Кэмбридж Университеті мен Драма өнерінің королдік академиясының түлегі Ұлыбританиялық актер Том Хиддлстон ағылшын, француз, испан тілдерін біледі. Сонымен қоса актер итальян, латын, грек тілдерін жақсы түсінеді.

Тіл үйрену — хобби ғана емес, әлемге бір табан жақындау мен жаңашылдық. Қанша тіл білсек, сонша әлем есігі ашылады. Сүйікті актерларымыздың өнеріне сүйсініп қана қоймай, үлгі алайық.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close