Жаңалықтар

Мақпал Жүнісова: Тұңғышбайды бірден қамап тастағаны сұмдық қой

Халық артисі, танымал актер Тұңғышбай Жаманқұловтың мемлекет қаржысын қолды қылды деген айыппен қамауға алынғанына қатысты өнер адамдары өз пікірлерін айтты. Оның ішінде Мақпал Жүнісова оны жаманатқа қимайтынын жеткізді деп хабарлайды 31-арна.

Жайсыз хабарды естіген өнер адамдарының көбі Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір айтудан қашты. Ал әнші Мақпал Жүнісова Халық артисін бірден қамап тастау сорақылық дейді.

«Жаманатқа қимаймыз, әрине. Кейін бақылап отырамыз ғой. Бірақ ол кісіні бірден жауып тастайтындай енді, мысалы, небір адам өлтіргендердің «домашний арестпен» отырғандарын естіп жатамыз біз. Енді 200 мың доллар өкіметтен ұрлады деп бірден қамап тастау деген сұмдық қой», — деді ол.

Әзірге өнер адамдары тарапынан театр тарланына араша түсу, ақтау әрекеттері байқалмады.

Дереккөз: Nur.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close