Жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Мен үшін алаңдап, дұға еткен әрбіріңізге алғысым шексіз!

Әнші Қайрат Нұртас жол-көлік апатына ұшыраған болатын, анасының әрі продюсерінің айтуы бойынша Қайрат Нұртастың қазір жағдайы жақсы, жоспарланған концерттер өтеді деп хабарлады.

Қайрат Нұртас өзіне дұға етіп, алаңдаған жандарға алғыс білдірді. «Құрметті тыңдармандарым, тілекшілерім, мен үшін алаңдап, дұға еткен әрбіріңізге Алла жақсылық берсін! Аллаға сансыз шүкір, тағы бір қауіп-қатерден аман-есен алып қалған! Сіздердің ылғи да айтатын жақсы тілектеріңіз бен ақ баталарыңыз да себеп шығар! Сіздердей тілеулестерімнің барына сансыз шүкір! Әрқашан амандықта болыңыздар! Алла қаласа, бүгін КЕШКЕ ТУҒАН ЖЕРІМ ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ТЫҢДАРМАНДАРЫМ, СІЗДЕРДІ ӨЗ КЕШІМДЕ КҮТЕМІН!»-деп жазады әнші инстаграмдағы парақшасына.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close