Жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева танымал дизайнерге сын айтып, ауыр сөздің астына алды

Сән әлемінде сан түрлі өзгерістер болып жатады. Қазір отандық эстрада жұлдыздары бастарына тюрбан киюді модаға айналдырған. Сондай сәнқойлардың бірі Меруерт Түсіпбаева тюрбанды өз ыңғайымен киген Жадоға Инстаграм желісі арқылы сын айтып, ауыр сөздің астына алды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Джинсы шалбар, тор жейде киген Жадоның басына ала тюрбан таққаны сән эталоны болмаса да, Меруерт Түсіпбаеваның қытығына қатты тиген болуы керек. Себебі, Жадоның осы стилін жақтырмаған Меруерттің сынында, тіпті, түйін орамалдың соңы жеке басқа кетіп, әдемі киіну үшін 10-сыныптық білімнің аз екендігі де айтылып кетті.

«Ал… тюрбан дегенді,етегі бар киіммен кию керек, Жадо!!!джинсымен емес,клетка койлекке мынау ала орамал сайкес келмейді!Мозги иногда надо все таки вкл!!!Понимаю,с 10классным образованием,далеко не уедешь, итак тебе нечего делать,поступай к нам в академию Жургенова…Там Камилла Асхатовна научит, привьет эстетический вкус!!! Семіріп, алінді білмей,алек болганша- сауатынды аш!!!никогда не поздно!!Век живи-век учись!!! (автордың грамматикасы сақталды – агенттік)», — деп жазған инстагармдағы жеке парақшасында.

Ия, Жадоның «10класстық» біліміне күмән келтіген Меруерт апамыздың өзі мектепте жүргенде орыс тілі сабағына қатыспаған тәрізді. Тіпті, биология пәнінен де қашып жүрген сыңайлы. Әйтпесе, адамда «мозги» емес, бір ғана «мозг» болатынын білер еді.

Қазақта «сын түзелмей, мін түзелмейді» деген аталы сөз бар. Сынды да орынды айта білген жөн. Сонда ғана орынды сыннан орынды қорытынды шығады. Ал тырнақ астынан кір іздеген әдет кімді болса алға бастырмасы анық. Біздікі жай ғана сырт көздік сын ғана. Соңғы сөз Жадода.

Дереккөз: Baq.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close