Жаңалықтар

Баян Мақсатқызы: Мен оны кешірдім

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевты кешірді. Бұл туралы продюсердің өзі инстаграм желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Мен оны кешірдім, бұл менің шешімім. Мен бұл парақты жауып, ары қарай өмір сүрудемін, менің қыздарымның әкелері бар, ал мен өз бақытымды іздейтін боламын»-дейді продюсер.

Ал Баян Мақсатқызының қорғаушысы Марат Асқарбеков ҚазАқпарат сайтына берген сұхбатында «Баян күйеуін кешірді, өте дұрыс шешім жасады деп ойлаймын. Бұндай шешімді кез-келген əйел қабылдай алмайды. Білеміз, Баянға оңай болмады, бірақ ол балалардың тағдырын ойлады. Батыл шешім»-деп өз сөзін білдірді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close