Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

Жүректен жүрекке жеткен сериал

Баян ханым «жүрек» сөзін ұнататын жандардың қатарынан. Мұнысы тағы бір рет дәлелденді.  «Ғашық жүрек», «Махаббатым жүрегімде», ендігісі — «Өгей жүрек».

Тақырыбы қандай болса да, сериал жақсы, тіпті «өте жақсы». Актерлік құрам белгілі болған күннен бастап, телехикаяны көруге бәріміз асықтық. Солай ма?

«Өгей жүрек». Қаншама тағдыр? Тастандылардың жай-күйі. Сценарий авторы жақсы жаза білген. Ұтымды ойлар, «санаға» кіретін көріністер. Маған ұнады. Сізге ше?

Өзіме ұнаған тұстарын тізбелейін. Мүмкін, сіздікімен ойымыз бірдей шығар.

1. Трагедия. Барлық шетел фильмдеріндегідей, трагедияны жақсы берген. Бибігүлдің жарын сонша жақсы көруі, баласының жоқтығы, күйеуінің көзіне шөп салуы, өз-өзіне қол жұмсау. Осы аралықтағы барлық жағдайдың бір серияда болуы, көрерменді қызықтыра түсті.

2. Дархан. Өз-өзіне «тым» сенімді жігіт. Кез-келгенге мойын бұрмайды. Бибігүлге алғашында «үшінші аяғыңмен жүріп, мені армандама»- деп, аяғында өзі «сөз салады». Таныс сюжет болса да, әсерлі шыққан. Қиын сәтте қасынан табылатын «сумерменнің» рөлін жақсы сомдаған.

3. Телесериалдың басты кейіпкері — Бибігүл. «Тракторшының махаббатынан» кейін, бізге ұнаған Кәмшат, мына сериалға бүкіл жан-жүрегімен беріле білген. Бұл рөлі «Ғашық жүрек 3- тегі» Мәриямды ойнағанынан да әсерлірек. Арманға таңданарлықтай ғашық болып, Ермекке шынайы сеніп, соңында «жаныңда жүрген бақытты бағала» дегендей Дарханға қосылуы, сәтті құрастырылған. Сендік.

4. Мейірім. Сериалда адамды «жылатарлық» тұстар өте көп. Ернардың қасындағы қызға: «Менің қарындасыма дауыс көтерген адамды аямаймын»- деуі, Андрейдің: «Мен Сергейді тастап ешқайда кетпейпін. Біз бауырмыз» — дегені, тіпті  Дарханның бір ғана «мен балалар үйіненмін» — деп мойындауы да көрген жанды толғандыратыны анық.

5. Шындық. Режиссер бізге қоғамдағы өзекті мәселелерді жеткізуге тырысқан. Заң қызметкерлерінің «құлқынды» ойлайтындығын, ересектердің бала еңбегін пайдаланатындығын, балалар үйінде «тәртіптің» жоқтығын көрсеткісі келген.

6. Сериал тілінің жеңілдігі. Шынайлығы.  Мысалы, Дастанның «роботтар демала ма не?», «дені дұрыс адамдар демалыс күні ұйықтайды»  «мына пенсионерің кім?»деп мысқылдауы да жәй өмірдегі тіркестер. Бибігүлге деген сезімін де сөз арасында «мен сені всегда ойлап жүрем ғой», «абайлап жүрші» деп қарапайым әрі түсінікті етіп жеткізуі де ұтымды шыққан.

7. Саунтрек. Кәмшаттың сериал соңында «Айым болып тудың ба?» деп әнді мұңлы, сезімсіз орындауы құлағында қалады. Телехиякаяның өңін ашуда, Бағым ханымның шеберлігі көрініп тұр.

8. Сенім. Құштарлық. Ұмтылыс. Менің пікірімше, сериалдың басты идеясы — осы. Бибігүлдің басынан түрлі қиындықтар өтеді. Жақсы адамның тағдырында әйтеуір бір сый болатынына куәгер — сериал. Өмірлік жолында балалы да болды, сүйікті жар да тапты, бастысы — мойымады. Түйіні: «Сүріндің бе? Қайта тұрып, хақың бар жүгіруге!»

Баян ханым, браво! Көрерменнің көңілінен шыққан тағы бір туындыңыз, құтты болсын. Шынымен, көкейге жететін, көрген уақытыңды ақтайтын сериал шығару — шеберлік. Егер, «Өгей жүректі»  әлі қарамаған болсаңыз, достық кеңесім «көріңіз». Өкінбейсіз. Отандық осындай өнімдерге, халықтың көңілі тоқ!

Дереккөз: Massaget.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close