ЖаңалықтарТелерадио

Шетелдік телехикаялар шектелетін болады

2017 жылдан бастап шетелдік сериалдар мен бағдарламаларға заң жүзінде шектеулер қойылады. Бұл туралы еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов мәлімдеді. 

Мәжілісте өткен жиында депутаттар алдағы үш жылды қамтитын республикалық бюджетті талқылау барысында көршілерден келетін телеөнімдер мәселесін көтерді.

Депутат Фахриддин Қаратаевтың айтуынша, көгілдір экрандарда менталитетімізге әсер ететін туындылар қаптап кеткен. Оларды қадағалау бойынша жұмыстар қажетті деңгейде емес.

— Отандық телехикаяларға немесе жасөспірімдерді патриоттық сезімге бөлейтін бағдарламалардың жоқтығы ма, немесе бюджеттен бөлінетін қаражаттың аздығы ма? — деп сауал қойды депутат.

Оның сұрағына ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов:

— Расымен де, отандық телехикаяларға қатысты мұндай проблема бар. Қазір министрлік бұл мәселені шешу жолдарын қарастырып жатыр. Жоспардағы заң жобасында шетелдік телеарналардан келетін түрлі өнімге шектеу қою қарастырылған. Ал қаржы жағына келетін болсақ, 2017 жылға арналған бюджетте «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының базасында 81 отандық телехикая мен 17 деректі фильм түсіру қарастырылған — деп жауап берді

Дереккөз: Khabar.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close