Жаңалықтар

Атыраулық өнер ұжымдары Астана тұрғындары мен қонақтарын концертке шақырады

Астанада Атыраудың өнер ұжымдары гала-концерт қояды деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің сөзіне сілтеме жасап.

«Астанаға Атыраудың өнер ұжымдары да келіп жатыр. Оның ішінде Д.Нұрпейісова атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрі, Жантөрин атындағы филармония, М.Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театрының ұжымы, сонымен қатар тарихи өлкетану музейі келді», —  деді әкім орынбасары.

Оның атап өтуінше, ертең сағат 16:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында  көрме ұйымдастырылады. Ал сағат 19:00-де осы сарайда  жоғары аталған ұжымдар гала-концерт қояды.

«Ал 18-і күні Жастар сарайында Ш.Айтматовтың «Мәңгілік» атты пьесасы қойылады. Барша астана тұрғындарын, қонақтарын Атыраудың Астанада өтіп жатқан мәдени күндері шараларына шақырамыз», — деді ол.

Сурет azattyq.org сайтынан алынды

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close