Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Той үстінен тағы той

Кеше ғана Асылхан Төлепов Айсұлу есімді сұлумен шаңырақ көтеріп, ұлан-асыр той жасады. Тойда Асылханның өмірдегі достары, туыс-бауырларымен қатар, өнердегі достары, аға-әпкелері және Алматы қаласының әкімі — Бауыржан Байбек те тойдың құрметті қонақтарының бірі болды.

Төлеповтар отбасында енді қос қуаныш! Інісінің тойында ағасы Артур Төлепов  дүйім жұрттың алдында Мадина есімді сүйіктісіне ұсыныс жасады.  Болашақ жары – Қарағандының сұлуы Мадина.

Негізі вертолеттің үстіне шығып алып, жерді өртеп, топырақты өртеп жасауға болатын еді”, – деген Артур туған-туысқандарының алдында сезімін білдіруді жөн көргенін атап өтті.

“Бұл күн мен үшін де, сіздер үшін де тарихи күн. Өсіп өндім, ақыл тоқтаттым. Құрметті қауым, құрметті Мадина. Бүкіл туған-туыстарымның алдында, отбасымның алдында сені бақытты қылуға уәде беремін. Ол үшін не керек? Ол үшін сенің маған тұрмысқа шығуға дайынмын деп, менің сөзімді қабыл алғаның керек”, – деп Артур Мадинаның саусағына жүзігін тақты.

Мұндай тосынсыйды күтпеген Мадина көзіне жас алып, асыға күткен «Иә!» жауабымен жұртщылықты тағы қуантты.

 

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close