ЖаңалықтарӘнші

Диана Шарапова Геннадий Головкинге ән арнады

Қазақстандық әнші Диана Шарапова жуық арада жеңілмейтін боксшы Геннадий Головкин туралы клипін ұсынады, ал әзірге өнерсүйер қауым  назарына ол әннің тизерін салды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Геннадий Головкинге арналған клип. Геннадий шын мәнінде ринг королі, заманауи бокс королі, Қазақстанның үздік кәсіби спортшысы, өз мансабы кезінде бірде бір ұрыста жеңіліп көрмеген — мен үшін және бүкіл әлем үшін үлкен тұлға. Ол жайында ән шырқау — мен үшін құрмет», — делінген бейнебаянға түсіндірмеде.

Әнші сондай-ақ ән сөзінің авторы Сержан Қайырбаевқа алғыс айтты.

Музыкалық клиптің түсірілімі осы жылғы тамыз айында өтті.

Айта кетейік, кәсіпқой бокстан бірнеше әлемдік тұжырымның чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкин 9 қыркүйек күні Лондонда жергілікті боксшы Келл Брукпен қолғап түйістіретін болады.

Жекпе-жекті «Қазспорт» арнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close