Басты жаңалықтарЖаңалықтарТелерадиоӘнші

Отандық жұлдыздар биыл қайда демалды?

Әнші Мәдина Сәдуақасова демалысын отбасымен бірге шетелде өткізді. Түркия елінің Белек қаласында. Ыстық күнде теңізге шомылып, күнге қыздырынды. Тіпті, ұлының туған күнінде сол елде атап өтті.

Мәдина отбасымен бірге Түркияның әсем жерлерін көлікпен емес, тікұшақпен аралаған. Әуе серуенінен алған ерекше әсерін өнер иесі жасырып қала алмады. Инстаграм желісі арқылы көпшілікпен бөлісті.

Сонымен қатар жұлдызды жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина да бүгінде Жерорта теңізінің ең таза жағалауы  саналатын Анталияда жазғы демалыс уақыттарын өткізіп жатыр. Жұлдызды жұп отбасымен бірге ата-аналарын да қыдыртуды жөн санапты.

Ал әнші Меруерт Түсіпбаева болса, көптен бері армандаған елінде тамаша уақыттарын өткізген.

Өнер иесі Грузияның қымбат мейманханаларының бірінде он екі күн бойы қонақтап жатқан. Атақты Боржоми суын  ішіп, суына түсіп тіпті бал мен сүт аралас ванна да қабылдаған. Грузиндердің ерекше дайындалған тағамдарынан да дәм татқан.

Меруерт Түсіпбаева, Әнші:

— Шаянды ерекше дайындайды екен. Ешкімге айтпайтын соустары бар екен. Сол соусқа шаянды пісіріп берді. Өте қатты ұнатып сон жедім.

Осылайша, демалып әрі денсаулығын емдеп қана қоймай, әнші грузинше ән айтып, қаланың көрікті орындарын аралаған.

Меруерт бір айда екі бірдей елге сапарлап қайтқан көрінеді. Грузиядан шыға салысымен Түрік еліне табан тіреген.  Мұнда әнші тарихи орындарды көбірек аралауға тырысқаны білініп тұр.

Шоу-бизнес өкілдерінің қалауы биыл Болгария мемлекетіне де түскен. Мәселен, әнші Жанар Айжанова қызы Айжұлдызбен болгар елінің ескі қаласын аралауды жөн санапты.

Демалу жағынан алдына жан салмайтын әнші Шакизада жаз басталмай жатып үш бірдей мемлекетте болып, дем алып қайтқан екен. Олар: Чехия, Доминикана, Тайланд. Ерекше, әсерін әнші әлеуметтік желіге салып, көпшілікпен бөлісіп отырды.

Әншіге солтүстік-шығыс Азияда орналасқан Тайланд елі ерекше әсер қалдырған көрінеді. Табиғатынан өзге тау шыңында орналасқан қонақүйге кіріп-шығудың өзі әнші үшін қызық болыпты.

Шакизада, Әнші:

— Қонақ үйден шыға салып теңізге баратын жолға үйреніп қалғанбыз ғой, бұл жолы трамвайды күтесің. СКЛ 7 этажды биіктікке шығасың.

Тай еліндегі керемет табиғат әншіге аса қатты ұнаған көрінеді.

Бір жылда бірнеше елде болып, көп демалуының сырын ашты.

Шахизада  Байпатшанова, Әнші:

— Жан-жақты жұмыс жасаймыз. Ары-бері жұмысымыз бар. Араласып жатқан ортамыз бар. Жан-жақты бәріне көңіл аударуда қиын ғой. Ел алдында жүргеннен кейін.

Тай елінде бірнеше күн ғана болған. Теңіз суына шомылып, күнге қыздырынып, ерекше тағамдардан дәм татса,ал Доминикана Республикасында әнші би билеп сол елдің халқымен сайысқа да түскен. Сөйтіп, бас жүлдеге де қол жеткізген.

Демалыстың аса қажеттігін Мақпал Исабекова да жақсы біледі. Жылына екі мезгіл шетелде дем алып келетін әнші биылғы жаздың жайма шуақ күндерін Тайланд, Малайзия сынды тропикалық елдер емес, Испания елінде өткізді. Жалғыз емес әрине.Актриса әрі әріптесі Әсел Сәдуақасовамен бірге  сапарлап қатқан.

Дәрігерлердің айтуынша, адам баласы ұзақ өмір сүріп әрі денсаулығы мықты болу үшін жиі демалуға кеңес береді. Сондықтан да жаздың жайма шуақ күндерін тиімді өткізіп,суға шомылып, күнге қыздырынып,   бойыңынызға көбірек  дәрумендер жинаңыз.

Дереккөз: 31.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close