Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоумен & Тұлға

Арман мен Аша көлік жуу салонын ашты

Танымал жұлдызды жұп Аша Матай мен Арман Қоңырбаев көлік жуу және детейлинг орталығын ашты. Сүйінші хабармен Аша Матай бөлісті.

Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай мен Арман Қоңырбаев Наурызбай ауданындағы Таусамалы ықшамауданынан көлік жуу және детейлинг орталығын ашты.

«Қайырлы кеш, достар! Күйеуімнің шығармашылықтан бөлек немен айналысатынын сіздермен бөлісуді ұйғардым… Бұл — Promaster autospa көлік жуу және детейлинг орталығы… Сапасына жауап береміз. Өздеріңізді және көліктеріңізді құрметтеңіз», — деп жазған әнші.

Арман Қоңырбаев та өз желі парақшасында сүйінші хабармен бөліскен.

«Көлік жуу және детейлинг орталығын аштым. Наурызбай ауданындағы Таусамалы ықшамауданында. Көлігін күтетіндерге есік ашық», — деп жазған Қоңырбаев.

Бұл жаңалықты естіген тыңдармандары әншіге ақ тілектерін жаудыруда.

Дереккөз: Nur.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close