Қара бет

Танымал Корея актері Пак Ю Чхон 4 қызды зорлады деп айыпталуда

Қазақ көрермендеріне «Иісті көре алатын қыз», «Мен сені сағынып жүрмін» телехикаялары арқылы танымал Корея актері Пак Ю Чхон 4 аруды зорлады деп айыпталуда.

Сеул қаласындағы Каннам ауданының полиция бөлімшесіне әуелі 3 қыз зорлады деп актердің үстінен шағым түсірді, одан кейін тағы бір ару шағым түсіргені белгілі болды. Қыздардың бірі 2015 жылы ішімдікке масайған уақытта шулы орындардың ваннасында зорлады деп айыптап отыр. Ал Каннам полицейі бұл жағдайды жіті бақылап, барлығын егжей-тегжей тексереміз деп уәде етті.

Егер де танымал актердің шынында да қыздарды зорлағаны дәлелденсе, бірнеше жылға бас бостандығынан айырылмақ. Ал егер қыздарға ақша төлеп, жақын қарым-қатынасқа барғаны дәлелденсе, қыздар да соттың алдында жауап беретін болады.

Бұл жағдай бойынша актердің орталығы «қандай да бір шешімді күткен болатынбыз, бірақ шешімді күтпей, өз тараптарымыздан біз де іске көшеміз. Пак Ю Чхоннің ондай қылмысқа бармағанын дәлелдеп шығамыз. Оның үстіне қыздардың жалған айтқандарын дәлелдейміз, жалған шағым түсіргендері үшін заң алдында жауап береді»-дейді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close